Көшең гүлденсін, көшет ек!

Көшең гүлденсін, көшет ек!
728

Осы аптада Астана қаласының Сарыарқа ауданында «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық бағдарламасы аясында ағаш отырғызу және аумақты тазарту акциясы өтті. Іс-шара экологияны жақсартуға және жайлы қалалық ортаны құруға бағытталған. 

Аудан тұрғындары, еріктілер мен ау­дан әкімдігінің қызметкерлері қа­тыс­қан тазалық акциясында жүзден ас­­там көшет, соның ішінде үйеңкі, жө­ке, қарағай мен сирень отырғызды. Бұл шара қаланы сәулеттендіріп қана қой­май, ауаның ластануымен күре­суг­е көмектеседі. Сонымен қатар, Жеңіс даңғылының бойындағы ау­мақ­ты тазарту жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар жиналды. 
Мұндай бастамалар қоғамдас­тық­ты біріктіруге, азаматтық жауап­кер­шілікті арттыруға және табиғатқа қам­қорлық мәдениетін қалып­тас­ты­ру­ға ықпал етеді. Ұйымдастырушылар Ас­танада тұрақты түрде көгал­дан­дыру және абаттандыру шаралары жүр­гізіліп жатқанын атап өтті.
– Бұл – қаланы таза және әдемі қал­пында сақтауға тамаша мүмкіндік. Біз көршілермен бірге бірнеше ағаш отыр­ғыздық, қоқыстарды алып тас­та­дық және айналаны абаттандыр­дық. Мұндай іс-шаралар жиірек өт­кі­зі­леді деп сенемін, өйткені біз бәріміз қа­ламыздың таза және жасыл желек­ті болғанын қалаймыз, – деді Сарыар­қа ауданының тұрғындарының бірі.
Саябақты абаттандыру жұ­мыс­ы жалғасып жатқанын айта кет­кен жөн. Жаңа жасыл желектерден бас­қа, демалыс аймақтары, әртүрлі жас­­тағы топтарға арналған балалар ойын алаңы, сондай-ақ спорттық алаң­­қайлар құрылғылармен жабдық­та­лады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Аста­нада бір миллионға жуық жасыл же­лек (ағаштар, бұталар, көшеттер жә­не т.б.) отырғызу жоспарланған. 
«Таза Қазақстан» жобасы аясында жүр­гізілген жұмыстар негізінен кө­галдандыру мен қаланың эколо­гия­лық жағдайын оңалтуға бағытталған. Жоба аясында отырғызылған мил­лион­даған ағаш ауа сапасы мен қ­а­ланың экологиялық жағдайын жақ­сартады. Сонымен қатар климаттың өзгеруіне қарсы тұруға, ауаның лас­тануын азайтуға және биоәртүр­лі­лікті сақтауға көмектеседі. 
Бүкілқазақстандық акция ауыл­дар мен қалаларда жасыл аймақтар, сая­бақтар және демалыс орындарын кө­бейтуді мақсат етеді. Бұл – тұрғын­дардың жайлы өмір сүруіне және денсаулығын жақсартуға бағыт­тал­ған ауқымды жоба. 
Жоба қоғамның экологиялық сауат­тылығын қалыптастырды және аза­маттардың табиғатқа деген жа­уап­­кершілігін күшейтті. Оған қоса, қоғамдастықты біріктіріп, ортақ мақ­­сатта жұмыс істеуге жұмылды­ра­ды. Сондай-ақ жасыл аймақтар қа­лаларға туристердің қызығушылығын оятып, тұрғындар мен қонақтар үшін жағымды орта қалыптастырады. Бұл болашақта елдің экономикалық да­муына да оң ықпал ететіні сөзсіз. 
Жалпы, жоба елдің табиғи ре­сурс­­тарын сақтап, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағыт­тал­ған маңызды бастамаға айналып үлгерді. 

А.БИМЕНДИЕВА

Серіктес жаңалықтары