Футзалдан Қазақстан құрамасы ширек финалда Аргентинамен кездеседі

Ширек финалдық ойындар 29-30 қыркүйек күндері өтеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы ширек финалда Аргентинамен кездеседі
ҰОК
432

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалдық ойындары 27 қыркүйек аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қорытындысында, Франциялықтар Тайланд құрамасын 5:2 есебімен жеңсе, Аргентина құрамасы Хорваттарды 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алған командалар толық анықталды. Олар: Бразилия, Украина, Парагвай, Венесуэла, Морокко, Қазақстан, Франция және Аргентина.

Ширек финалдық ойындар 29-30 қыркүйек күндері өтеді. Ал Қазақстан құрамасы 30 қыркүйек күні 2016 жылғы әлем чемпионы Аргентинаға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейін сенсация жасап, алдыңғы кезекті әлем чемпионы Португалияны жарыс жолынан шығарған болатын.

Серіктес жаңалықтары