Бетінен ұрып, жүксалғышқа салып алған: Абай облысының тұрғыны бұрынғы әйелін ұрлап кеткен

Сот үкімімен Е. кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Бетінен ұрып, жүксалғышқа салып алған: Абай облысының тұрғыны бұрынғы әйелін ұрлап кеткен
istockphoto.com
1923

Абай облысы, Қалбатау ауылында бұрынғы әйелімен жанжал кезінде ер адам оның телефонын сындырып, бетінен ұрған. Кейін күштеп жүксалғышқа салып, көлігімен алып кеткен. 

Аталған дерекке қатысты іс Жарма ауданының сотында қаралды.

Прокурор күдіктінің іс-әрекетін Қылмыстық кодекстің 125-бабы 1-бөлігі "Адам ұрлау" бойынша қарастыруды сұраған. Себебі жәбірленушінің өміріне қауіп төнбеген дейді.

Өз кезегінде әйел бұрынғы күйеуін кешіретінін және соттан қатаң жаза тағайындамауды өтінген. Ал күдікті істеген әрекеті үшін өкінетінін айтып, жазаға тартпауды сұраған.

Сот үкімімен Е. кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары