10 мың дронды бір ноутбукпен басқарған: Қытай дрондар шоуы бойынша әлемдік рекорд орнатты

Шоудағы ең әсерлі сәт қалқып тұрған «Аспан қаласының» құрылуы болды.

10 мың дронды бір ноутбукпен басқарған: Қытай дрондар шоуы бойынша әлемдік рекорд орнатты
сурет: tribune.com.pk
259

Қытай дрондар шоуы бойынша әлемдік рекорд орнатты.

26 қыркүйекте Қытайдың Шэньчжэнь қаласында «Аспан қаласы, мүмкін, Шэньчжэнь» атты дрон шоуы көрермендерді таңғалдырды.

Шоуға барлығы 10 197 ұшқышсыз аппарат пайдаланылып, екі Гиннес рекорды орнатылды – «Ашық аспан астында бір компьютермен бір уақытта ұшырылған ең көп мультироторлар/дрон саны» және «Мультироторлар/дрондармен жасалған ең үлкен аэрофотосурет».

Шоуда аспанда ұшып жүрген дрондар жұлдызды аспанды бейнелеп, көркем көрініс жасады. Шоудағы ең әсерлі сәт қалқып тұрған «Аспан қаласының» құрылуы болды. Айта кету керек, дронның барлығы бір ғана ноутбукпен басқарылған. 

Серіктес жаңалықтары