414
«Жалғыз мен емеспін»: Жұлдыз Әбдікәрімова сотына қатысты тың ақпаратты жария етті
Әбдікәрімова қандай құрылыс компаниясына алданып қалғанын ашып жазды.
Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова соттасып жатқан адамға қатысты тағы бір ақпаратты жария етті.
Бұған дейін актриса құрылыс компаниясына алданып, төрт баласымен баспанасыз қалғанын айтқан еді.
Әбдікәрімова қандай құрылыс компаниясына алданып қалғанын ашып жазды.
«Сотқа байланысты маған қолдау білдіріп жатқан әр жанға алғыс білдіргім келеді. Қалайша бұлай болды дегендерде бар. Білесіз бе, алаяқ деп маңдайына жазып алмайды екен. Мен сияқты сан соғып қалғандар да хат жолдауда. TumarGrandVillage құрылыс компаниясынан үй алып, алданып қалған жалғыз мен емеспін. Бірнеше адам болып, сотқа шағым түсірдік», – делінген Жұлдыз Абдукаримованың жазбасында.