Компания ұжымы энергетикалық тәуелсіздікті қолдайды

Компания ұжымы энергетикалық тәуелсіздікті қолдайды
Автор
Админ
363

Бүгін Қызылордадағы АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері «Ақорда Капитал» ЖШС-нің ұжымымен кездесіп, АЭС-тің елімізге пайдасы мен тиімділігі турасында пікір алмасты. 

"Бүгінде электр энергиясының тапшылығы сезілуде. Бұл оны шамадан тыс пайдаланғаннан туып отыр. Сондықтан, сарқылмас энергия көзі ретінде атомның тиімділігі дәлелденді. Мәселен, біз 100 млрд. теңгеге жуық қаржыға Ресейден энергия сатып отырмыз. Оның да бағасы нарықтағыдан жоғарырақ. Егер атом станциясы салынар болса оның қуаттылығы 2400 МВт болады. Бұл шамамен біздің қажеттілігіміздің 6/1 өтейді," – деді ұжым қызметкерлерімен тілдесу барысында Халықтық штаб мүшесі, энергетика саласының ардагері Мұхиджан Кәрімбаев.

Штаб мүшесі Мыңжас Нұрлыбек келешек ұрпақтың энергетикалық тәуелсіз елде өмір сүруі керектігіне тоқталды.

"Электр қуаты – ұлттық қауіпсіздіктің ең басты мәселенің бірі. Себебі оның стратегиялық маңызы бар. Мемлекет басшысының осы мәселені халықтың талқысына салуға мүмкіндік бергені халық пен билік арасында сенімді нығайта отырып, бірлесе әрекет етуде жатыр. Сондықтан, өскелең ұрпаққа бейбіт, бай, тәуелсіз елді қалдыру үшін біз осы бастан дұрыс таңдау жасауымыз керек, – деді ол.

Ал штаб мүшесі Ержан Искендер АЭС-тің қауіпсіздігі турасында ақпарат берді.

Кездесуде ұжым тарапы атом станциясының құрылысын кім жүргізетінін, оның пайдасы мен зияны турасында сауалдарын жолдап, пікір алмасты. Дегенмен үздіксіз қуаттың кәсіпорын үшін қаншалықты қажет екенін ұғынып тұрған ұжым қызметкерлері энергетикалық тәуелділіктен құтқарар жолдың бірі – АЭС салу екенін құптап отыр.  

Атап өтейік, аталған серіктестік өңіріміздің бренді - күріш шаруашылығымен айналысуда. 1997 жылы негізі қаланған компания бүгінде өз өнімдерін шетелге экспроттауда.

Серіктес жаңалықтары