Өскеменде шахматтан халықаралық турнир басталды

15 елдің шахматшылары Oskemen Open – 2024 турнирінде бақ сынайды.

Өскеменде шахматтан халықаралық турнир басталды
Қазақстан шахмат федерациясы
148

Өскеменде Oskemen Open – 2024 халықаралық шахмат турнирі басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Турнирді Қазақстан шахмат федерациясы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

9 күн бойы швейцариялық жүйе бойынша 10 тур өтеді. Мұнда екі турнир бар: «Masters» және «Open».

«Masters» турниріне 15 елдің рейтингі 1900-ден жоғары 120 спортшысы қатысады.

«Open» турнирінде рейтингі 2100-ден аспайтын 74 қатысушы сайысқа түседі.

 

 

Серіктес жаңалықтары