«Жалған ақпарат ұсынды»: Жұлдыз Әбдікәрімова сот отырысына қатысты тың мәлімет жариялады

Актрисаның айтуынша, сот бірінші отырыста өзара келісімге келуді ұсынған.

«Жалған ақпарат ұсынды»: Жұлдыз Әбдікәрімова сот отырысына қатысты тың мәлімет жариялады
коллаж: Тurkystan.kz
1302

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова сотының алғашқы отырыс өткенін айтты. Сот оларға бірінші отырыста өзара келісімге келуді ұсынған.

Актрисаның айтуынша, екінші тарап үйге толық төлем жасалмады деп жалған ақпарат берген. 

«Менің апелляцииялық шағымым бойынша қалалық сотта алғашқы отырыс өтті. Әзірге көңілім толады немесе толмайды деп айта алмаймын. Себебі, ұсынылған дәлелдер толық қаралып біткен жоқ. Алайда, қарсы тараптың еш дәлелсіз сотқа жалған ақпарат ұсынып, шатастырмақ болған сәттері бар. Қалай болғанда да сот екі тараптың дәлелдерін тексеретініне сенемін.

Үйге толық төлем жасалмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды. Өздеріңізге мәлім, мен бұл құрылыс компаниясын екі жыл жарнамаладым. Келісімшарт бойынша барлық сома өтелді. Жарнамалық келісімшартты іске дәлел ретінде тіккенімді сот назарына тағы бір ескертемін. Үйге толық төлем жасалғаны, үйіме қосы паркингті сатып алып, ақшасын әлі күнге бермегендігі жайында келісімшарттар мен түбіртектер бар», - дейді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова құрылыс компаниясына алданып қалып, алаяқтың бірқатар құжатқа қол қойдырып алғанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары