Қатерлі ісікке шалдыққан актер Мұрат Бисембин мәлімдеме жасады

Өнер иесі ауыр дертті жеңіп шығатынын айтып, оқырмандарына алғыс білдірді.

Қатерлі ісікке шалдыққан актер Мұрат Бисембин мәлімдеме жасады
скриншот
525

Қатерлі ісікке шалдыққан актер Мұрат Бисембин оқырмандарына алғыс білдірді.

Өнер иесі ауыр дертті жеңіп шығатынына сенімді екенін айтты.

«Мені жеңу оңай емес. Міндетті түрде бәрін еңсеремін. Маған моральдік және материалдық тұрғыда көмектесіп жатқан барша жанға рақмет! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін. Барлығыңызға, шексіз алғыс!», – деді актер.

Айта кетейік, киножұлдыз көпшілікке «Рэкетир» фильмі арқылы танылған еді.

Серіктес жаңалықтары