Нобель сыйлығы кімге бұйырады?

Биылғы басты үміткерлер ішінде қытайлық, жапониялық, канадалық, аргентиналық және румыниялық жазушы­лардың есімі аталады.

Нобель сыйлығы кімге бұйырады?
сурет: istockphoto.com
375

2024 жылдың әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы кімге бұйыруы мүмкін? Әдебиетшілерді қазір осы сұрақ қызық­тырары сөзсіз. Өйткені алдағы аптада әлемдегі ең беделді сыйлықты ала­тын адамдардың есім-сойлары белгілі болады. Көптеген әдебиеттанушы биыл­ғы Нобель сыйлығы Еуропадан жырақ аймақтардағы әдебиет өкілдеріне берілуі мүмкін деп болжайды. Олар биыл азиялық яки солтүстік америкалық авторлардың біріне бұйыратынын жазып жатыр. Биылғы басты үміткерлер ішінде қытайлық, жапониялық, канадалық, аргентиналық және румыниялық жазушы­лардың есімі аталады.

Үміткерлердің көшін қытай текті, Аме­ри­када тұратын Сан Шуе (Цань Сюэ) бастап тұр. Өзіндік жаңа стилімен және сюрреа­лис­тік баяндау әдісімен танымал оның әң­гі­мелері мен романдары Батыс әдебиет­ші­леріне талайдан бері таныс. Ол дәстүрлі баян­дау әдісін қолданбай, авангардтық ба­ғыт­ты ұстанатын қаламгер. Франц Каф­ка­ны өзінің ұстазы санайтын, әдебиетті тек рух­тың сөзі деп қарастыратын Сан Шуе аб­ст­ракция мен магиялық дүниетанымның адам рухына әсерін қаузайды. Ол негізінен Қы­тай қоғамында болып жатқан жедел ур­­­ба­низацияның мистикалық астарын шы­ғармаларына арқау етеді.
Жыл сайын үміткерлердің алдыңғы он­­­дығында жүретін жапониялық танымал жазу­шы Харуки Мураками биыл да тізімнің бас жағында тұр. Магиялық реализм эле­мент­тері арқылы адамның экзистенциа­лис­тік болмысына үңілуді жөн санайтын қа­ламгердің әлемде миллиондаған оқыр­ма­ны бар. Нобель сыйлығы оған бұйыра ма де­ген сұраққа, көптеген сарапшы «мүм­кін­ді­гі бар» деп жауап беріпті.  
«Канаданың әдеби титаны» Маргарет Этвуд (Margaret Eleanor Atwood ) – бәсі ба­сым авторлардың бірі. Кейбір сарапшылар қы­тайлық Сан Шуе мен Маргарет Этвудты бас­ты бәсекелестер деп атаған. Биылғы сый­лық екі автордың жекпе-жегі деп сипат­та­ғандар да бар. Сан Шуе шығармаларында адам болмысының философиялық қырына те­рең үңілсе, Этвуд фантастикаға бейім өмір мен феминизмді өзінің негізгі тақы­ры­бы етіп алған. Ол өз шығармаларында әлем­дік теңдікті, гендерлік саясатты, эко­ло­гиялық апаттар мен авторитарлы билік­тің адамзат болашағына әсерін арқау етеді. Оның шығармалары бүгіннің сөзін айтуы­мен құнды. Өткір де маңызды тақырып­тар­ды сырт айналмай, заманауи фантастиканы же­ріне жеткізе жазатын автордың бағы жануы әбден мүмкін.
Аргентиналық Сезар Айра (César Tomás Aira González) – «Абсурдтық әдебиеттің ше­бері» деген атаққа ие жазушы. Ол өз үйе­гіндегі оқырмандарға қысқа әңгімелерімен та­нымал. Оның «Мен қалай монах болдым» шы­ғармасы абсурд пен ойнақы деконструк­ция­ға мән беруімен құнды делінеді. Тіпті, оның шығармашылық қуатын Х.Борхес пен Г.Маркеспен бір қатарға қоятындар да бар. Адам санасының мағынасыз күйге толы жә­не бір-бірімен бітеқайнаспайтын бөг­де­лік­ке бейім екенін терең ашқан шығар­ма­лары оқырманын ойландырмай қойм­ай­ты­нын айтушылар қатары мол. 
Ал румыниялық Мирча Картереску (Mir­cea Cărtărescu) болса, неопостмо­дер­нист жазушы ретінде аты мәлім. Ол өз шы­ғармаларында адамның болмысын әлем­нің жаратылысымен қатар қояды. Сол ар­қылы реал өмір мен фантастиканың ара­жі­гін жойып, адамизат әлемін елес пен түстің қор­­шауын­­да тұрған қауқарсыз дүние деп қа­рай­­ды.
Бұлардан бөлек кениялық Нгуги Ва Тион­­го, канадалық ақын әрі эссеист Энн Кар­сонның да сыйлық алудан үміті зор. «Бұл қаламгердің қайсысы Нобель сыйлы­ғын алса да, әдебиеттің бағы артады», – дей­ді сарапшылар.

Т.ӨСКЕНБАЙ

 

Серіктес жаңалықтары