«Маржан сырға таққан қыздың» құпиясы неде? – нейробиологиялық зерттеу нәтижесі ғалымдарды таң қалдырды
Өнер туындыларын тамашалау ми қызметін жақсартады. Тәуелсіз нейробиолог ғалым Эрик Шердер өнер туындыларын тамашалаған кезде мида нендей өзгерістер байқалатынын түсіндіреді. Сондай-ақ «Маржан сырға таққан қыздың» құпиясы неде? Нейробиолог Мартин ден Оттер бұл сұрақты Neurensics зерттеу агенттігімен бірлесіп зерттеген.
Мамандардың айтуынша, «Маржан сырға таққан қыз» картинасын бір көргеннен кейін одан көз айыру қиын. Бұл картинаны ерекше ететін не нәрсе?
Біз бұл сұраққа ми қызметін зерттейтін ғалымдар бірлесіп жауап іздеген. Зерттеушілер картинаның түпнұсқасын Маурицхейс музейіне барып көріп, оның көшірмесін көргеннен қандай айырмашылық барын анықтауға тырысқан. Зерттеу нәтижелері таң қаларлық.
Маурицхейстегі түпнұсқа картинаны тамашалау көшірмелерді тамашалағанмен салыстырғанда мида 10 есе күшті эмоционалды реакция тудырады екен. «Маржан сырға таққан қыз» картинасын тамашалағанда, мида ерекше белсенділік байқалған, әсіресе препрекрумб аймағында. Бұл аймақ, негізінен, сана, өз-өзіне баға беру және жеке өмірлік тәжірибелер сияқты психологиялық функцияларға қатысады.
Бұл процесті зерттеу үшін ғалымдар көрермендердің ми толқындарын арнайы құрылғы арқылы өлшеген. Олардың басына электродтар қойылып, ми белсенділігі бақыланған. Кейін олар Маурицхейс музейіндегі картиналар мен сол суреттердің көшірмелерін тамашалаған. Одан кейін Амстердам университетіндегі МРТ-сканерде репродукциялар қайтадан қаралған.
Адамдар табиғатынан бет-әлпеттерге назар аударып, оны оқуға тырысады. Біреудің бетіне, тіпті суреттегі бетке қараған кезде, ми сол адамның эмоцияларын шешуге тырысады. Осылайша, сіз оның «қауіпсіз» не «қауіпті» екенін бағалайсыз. Суретші Иоганн Вермеер бұл механизмді шебер пайдаланады. Ол назарыңызды ұстап, қайта-қайта оралтатын үздіксіз цикл жасайды. Әдетте, сіз адамның көзі мен аузына бірінші қарайсыз, себебі олар эмоциялар туралы ең көп ақпарат береді. Ал «Маржан сырға таққан қызға» қараған кезде, сіз бірінші оның көзіне, сосын аузына, кейін сырғасына қарайсыз. Содан кейін қайтадан көзіне, аузына, сосын қайта сырғасына қарап, бұл циклді бірнеше рет қайталайсыз.
Техникалық өнертанушы Лизелор Тиссен көшірмелердің өнер тарихындағы рөлі туралы докторлық диссертация жазып жатыр. Ол осы зерттеуге тәуелсіз ғалым ретінде қатысты.
Осылайша, өнер туындысының ғана емес, кеңістіктің, жарықтың, жақтаудың және т.б. маңыздылығы да зерттеуден айқын көрінеді. Бұл музейге барудың өнерді түсіну үшін аса маңызды екенін дәлелдейді.