630
Республика күнінде кейбір астаналықтарға біржолғы ақшалай көмек беріледі
Тізімді Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жасайды
25 қазан – Республика күнінде әлеуметтік осал топ санатына жататын Астана тұрғындарына 16 614 мың теңге төленеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Толығырақ айтқанда, «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес, жылына бір рет халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтарға мереке күндері төлем жасалады. 25 қазан – Республика күні табысы аз азаматтарға 16 614 теңге (4,5 АЕК) төленеді.
Тізімді Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жасайды.