351
Референдумға бүркіт, құмай тазысымен келген Текелінің бүркітшілер отбасы өз таңдауын жасады
Бүркітшілер отбасы бұл маңызды күні арнайы қазақы нақышта тігілген ұлттық киім үлгілерімен киініп, дауыс беру учаскесіне жиналған көпшіліктің көзайымына айналды.
Текелілік бүркітші Бүркітбай Файзулла референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
№448 дауыс беру учаскесіне құмай тазы, бүркітімен бірге отбасын ала келген текелілік бүркітші Бүркітбай ел болашағы үшін өз дауысын берді.
Бүркітшілер отбасы бұл маңызды күні арнайы қазақы нақышта тігілген ұлттық киім үлгілерімен киініп, дауыс беру учаскесіне жиналған көпшіліктің көзайымына айналды.
«Қазақтың жеті қазынасының бірі құмай тазы мен қыран бүркіттің қасиеті қолдап, Қазақстанның болашағы үшін өз дауысымды бердім. Жасампаз елдің ұрпағымыз келер күніміз шуақты болсын!», - дейді бүркітші.
Текеліліктердауыс беру учаскелеріне барып, белсенді түрде дауыс беріп жатыр.