251
Елімізде АЭС салу жөніндегі референдумда дауыс беру аяқталды
Мәлімет бойынша, өңірде барлығы 10 249 референдум учаскесі жұмыс істеді
Бүгін кешкі сағат 20:00-де Қазақстанда АЭС салу жөніндегі жалпыұлттық референдумда дауыс беру аяқталды.
Мәлімет бойынша, өңірде барлығы 10 249 референдум учаскесі жұмыс істеді.
Дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 12 млн 244 мың 683 азамат енген.
Орталық референдум комиссиясының кешкі сағат 18:00-дегі мәліметінше, ел бойынша 7 537 675 азамат бюллетень алған. Бұл тізімдегі азаматтардың 61,56 пайызын құрайды.
Айта кетейік, дауыс берушілер туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 21:00-де белгілі болады.