Британдық әйел арманындағы жұмыс орнынан 48 жылдан кейін "жауап алған"

Британдық әйел арманындағы жұмыс орнынан 48 жылдан кейін "жауап алған"
сурет: bbc.com
474

Британдық әйел арманындағы жұмыс орнынан 48 жылдан кейін "жауап алған", деп жазды BBC.

70 жастағы Тизи Ходсон, Англияның Линкольншир округіндегі Гедни Хилл тұрғыны, өзінің арманындағы жұмысқа берген өтінішіне неге жауап болмағанын 48 жылдан кейін білді. 1976 жылғы қаңтарда мотошабандоз-каскадер қызметіне жұмысқа орналасу үшін жазған хат пошта қызметіндегі тартпаның артына түсіп қалып, сол жерде жылдар бойы жатып қалғаны анықталған.

Ходсон бұл жағдай оның батыл мансабына кедергі келтірмегенін айтады, өйткені ол әлемнің түкпір-түкпіріне саяхат жасауға мүмкіндік беретін жұмыс тапқан.

Хатты тауып алғанын «керемет» деп есептеген Тизи Ходсон: «Неге жауап алмағанымды әрдайым ойлап жүретінмін, енді не болғанын білемін», – дейді.

Хаттың жоғарғы жағында қолмен жазылған ескертпе бар: «Staines поштасынан кеш жеткізілді. Тартпаның артына түсіп қалыпты. Шамамен 50 жылға кешікті».

Ходсон бұл хаттың қалай өзіне жеткенін, кім қайтарғанын білмейді.

Мен 50-ден көп үй ауыстырдым, тіпті 4-5 рет ел ауыстырдым, олар мені қалай тапқаны белгісіз», – дейді ол.

Бұл хаттың оған қайта оралуы Тизи үшін ерекше маңызды. Ол Лондондағы пәтерінде хатты теріп отырғанын анық еске алады.

Күн сайын пошта күтетінмін, бірақ ештеңе келмеді, қатты ренжідім, өйткені мотошабандоз-каскадер болуды қатты қалаған едім, – деп еске алды ол.

Бақытына орай, өтінішке жауап болмағанына қарамастан, Тизи Ходсон басқа жұмыстарды да қарастыруды тоқтатпаған. Ол Африкаға көшіп, жылан ұстаушы және жылқы жаттықтырушысы болып жұмыс істеді, ұшуды үйренді және акробаттық ұшқыш әрі ұшу нұсқаушысы атанды.

Өткенге көз жүгірте отырып, Ходсон мотошабандоз-каскадер жұмысын жарнамалаушыларға әйел екенін білдіртпеуге тырысқанын есіне алды, өйткені сол кезде әйел болғаны үшін жұмысқа шақырылмайды деп ойлаған.

Тіпті қанша сүйегімді сындырсам да, маған бәрібір екенін айтқаным ақымақтық болды. Мұндай ұзақ уақыттан кейін хатты қайта алғаным – таңғажайып жағдай. Егер өзімнің жас кезімдегі өзіме ақыл айтатын болсам, бәрін солай жаса деп айтар едім. Өмірім тамаша өтті, бірнеше сүйек сындырсам да, оған өкінбеймін, – деп түйіндеді Ходсон.

Серіктес жаңалықтары