Мұнай мен доллар бағасы өсіп жатыр

Әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр.

Мұнай мен доллар бағасы өсіп жатыр
istockphoto.com
380

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 80 долларға жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана уақытымен бүгін сағат 16:00-де Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайының бағасы 79,82 долларға өсті. WTI маркалы мұнай бағасы 76,36 долларға жетті.

Сарапшылар мұнай бағасының өсуі геосаяси жағдайлардың себебінен болып отырғанын айтады. Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс мұнай мен доллар бағасына әсер етіп жатыр.

Бүгін Қазақстанның валюта айырбастау пунктерінде бір доллардың бағасы 486 теңгеден асты. Ұлттық банктің бүгінге бекіткен ресми бағамы 481,84 теңге.

 

Серіктес жаңалықтары