281
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 379 келі есірткі тәркіленген
Биылғы жылдың сегіз айында Ақтөбе облысындағы есірткі қылмыстарының саны 68%-ға артқан.
379 кг есірткі заңсыз айналымнан тәркіленген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 36%-ға көп (2023 жылы 277 кг).
Бұл туралы облыс прокуроры Халидулла Дауешов мәлімдеді. Заңсыз ескірткі айналымына қарсы күрес – Прокуратура органдарының алдындағы басым бағыттардың бірі. Прокурор есірткі заттарын дайындау және қайта өңдеу үшін пайдаланылатын улы заттар зертханасын анықтау жұмыстары әлі де болса ақсап тұр дейді.