504
Медицина және физиология бойынша Нобель сыйлығын АҚШ ғалымдары алды
Медицина бойынша Нобель сыйлығы американдықтар Виктор Эмброс пен Гари Равканға "гендік белсенділікті реттеудің негізгі принципі" – микроРНҚ-ны және оның ген экспрессиясындағы рөлін ашқаны үшін беріледі.
МикроРНҚ-ДНҚ-да кодталған тұқым қуалайтын ақпарат негізінде белоктар мен РНҚ синтездеу процесін реттейтін салыстырмалы түрде қысқа молекулалар.
МикроРНҚ 30 жылдан астам уақыт бұрын табылған және бүгінде оларды зерттеу патологиялар мен ауруларды ерте сатысында анықтаудың перспективалы бағыты саналады.
Өткен жылы медицина сыйлығын Венгр-американдық биохимик Каталин Карико мен американдық иммунолог Дрю Вайсман COVID-19 вакциналарының негізінде жатқан мРНҚ технологиясымен жұмыс істегені үшін алды. Қалған 2024 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары бір апта ішінде жарияланады.
Марапаттау рәсімі желтоқсан айында өтеді.