339
Талғардағы бозбаланың өлімі: Жауапкершіліктен жалтаруға жол бермейміз – Прокуратура
Алматы облысының прокуратурасы кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың ісіне қатысты мәлімдеме жасады.
4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат пышаққа түсіп, көз жұмған болатын.
«Қоғамның толқуын түсінеміз. Шерзаттың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Бұл істі прокуратура органдары қатаң бақылауға алған. Сол қылмысты жасады деген күдікпен жеті адам ұсталды. Олар сот санкциясымен 2 айға қамалған», - деді Алматы облысының прокуратурасы.
Прокуратура оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, кінәлілердің бәрі жауапқа тартылатынын, объективті тергеу жүргізілетінін айтты.
«Осы қылмысқа қатысы бар тұлғалардың ешқайсы жауапкершіліктен жалтарып кетпейді. Осы іс туралы қандай да бір ақпарат білетін жандар болса, прокуратураға немесе ішкі істер органдарына хабар беруді сұраймыз», - деді ведомство өкілі.