Жапонияда клиенттердің зорлық-зомбылық жасауына қарсы заң қабылданды

Жапонияда клиенттердің зорлық-зомбылық жасауына қарсы заң қабылданды
сурет: istockphoto.com
383

Жапонияда клиенттердің қызметкерлерге дөрекілік танытуына қарсы заң қабылданды.

Тұтынушылар тап болатын зорлық-зомбылық ел билігін қызмет көрсету саласы қызметкерлерін қорғау туралы елдегі алғашқы қаулыны енгізуге итермелеген.

Сәуір айында күшіне енетін Токио қаулысында айыппұлдар қарастырылмағанымен, сарапшылар бұл қадам өсіп келе жатқан әлеуметтік мәселені көрсетеді және адамдарды қызметкерлердің көңілін қалдырмас бұрын екі рет ойлануға итермелейді деп үміттенеді.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, қызмет көрсету саласының әрбір 2 қызметкері қорлау мен зорлық-зомбылыққа тап болды екен. Егер заң қабылдағаннан кейін жағдай жақсармаса, ел үкіметі қыруар айыппұл салуды көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары