282
ArtSport дауы: Антикор 746 миллион теңгенің ұрланғанын анықтады
Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы мен оның орынбасарларына және басқа тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Аталған тұлғаларға ArtSport бағдарламасы бойынша балаларды жаттықтыруға арналған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сонымен қатар 2023 жылғы Азия ойындарына спортшыларға киім сатып алуға, спорттық қызметтерге, спорттық жабдықтар сатып алуға және іс-сапар шығындарына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша қосымша эпизодтар анықталды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Данияр Бигайдаров.
Аталған фактілер бойынша келген шығын көлемі 746 миллион теңгені құраған.