529
Алматыда экс-судья Светлана Жоламанова полицияға жеткізілді
Бұған дейін ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Бірнеше эпизод бойынша айып тағылған болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Медеу ауданының Полиция басқармасы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Күдікті полицияға жеткізілген. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, Светлана Жоламановаға қатысты қылмыстық іс 2021 жылы қозғалған. Ол кезде судьяның мүдделі тұлғалардың пайдасына шешім шығарумен байланысты алаяқтық күдігіне ілінген.