Қазақстандықтардың көбі 97 мың теңге жалақы алады – Статистика бюросы

Қазақстандықтардың көбі 97 мың теңге жалақы алады – Статистика бюросы
сурет: istockphoto.com
540

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың көбі 97 557 теңге жалақы алатыны туралы хабарлады.

Бюро мәліметінше, жұмыс істейтін азаматтардың 35,1%-ы ай сайын 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін, ал 35,6%-ы 300 мыңнан 600 мың теңгеге дейін жалақы алады.  

Тек 1,2% ғана айына 1,5 млн теңгеден көп жалақы алатындар санатына кіреді.  

Бұл деректер ірі қазақстандық кәсіпорындардағы қызметкерлердің жалақысын зерттеу негізінде алынған. Сондай-ақ, орта және шағын компаниялардың 30%-дық іріктеу тобы бағаланған.

Серіктес жаңалықтары