Талдықорған маңында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды

Талдықорған маңында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды
Фото: Айбек Құттыбек
421

Талдықорған қаласының сыртындағы Пригородный шағын ауылының маңындағы егін даласынан өртенген көлік табылды. Ішінен ер адамның мәйіті шықты. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Айта кетейік екі күн бұрын 47 жастағы ер адамның із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарлама тараған болатын. Онда түскі сағат 12:00-де жұмысынан шығып, 15 минутта үйде болатынын айтқаны туралы жазылған. Іздеудегі азамат кеше өз көлігінде өлі күйінде табылды.

"Ағымдағы жылдың 8 қазанында Талдықорған қаласының шетінде хабар-ошарсыз кеткен, облыс орталығы тұрғынының мәйіті өз көлігінде табылды. Қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Іс облыстық прокуратура мен полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - дейді Жетісу облысы ПД Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Темірханов Қасқар.

Серіктес жаңалықтары