Астанада лицензиясыз косметологиялық ота жасаған келіншек сотталды

Ол медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы болмаса да ота жасап, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталды.

Астанада лицензиясыз косметологиялық ота жасаған келіншек сотталды
istockphoto.com
262

Ота барысында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен филлерді пайдаланған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соның себебінен жәбірленушінің жағдайы қиындап, қабыну процесі жүріп, дәрігерлерге жүгінуге тура келген.

Сот үкімімен кінәлі тұлғаның 1 жыл 6 айға еркіндігі шектеліп, медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Мәжбүрлі еңбекке тартылатын болады.

Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық шығын ретінде 5,8 млн теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары