Антикор қазақстандықтарға тағы да ескерту жасады

Антикор қазақстандықтарға тағы да  ескерту жасады
Телеграм Антикор
Автор
Админ
414

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарға департамент атынан әрекет ететін алаяқтар туралы тағы да ескертеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, алаяқтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар ашуды жалғастыруда. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертеді. 

Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасауда және жолдауда.

 "Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. 

Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары