Қазақстан мектептерінде стоматологиялық кабинет ашылуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігі бала ағзасын дамытуға пайдалы бірыңғай мәзір әзірлеп жатыр.

Қазақстан мектептерінде стоматологиялық кабинет ашылуы мүмкін
istockphoto.com
248

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанадағы №95 мектепте болып, оқушыларға қатысты бірқатар мәселені талқылады.

«Оқушы саны 1000 баладан асатын мектептерде стоматологиялық кабинет ашу мәселесі талқыланды. Бүгінде 6 өңірде 98 кабинет жұмыс істеп тұр. Онда дантистер қабылдау жүргізеді. Әрі қарай «Сау тіспен болашаққа» жобасының аясында кезең-кезеңмен мектеп жасындағы барлық баланы қамту жоспарланып отыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Балаларға, әсіресе өтпелі кезеңде психологиялық көмек көрсету мәселесі талқыланды. Мектеп психологтарына арнап оқыту курстарын өткізу туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары