Астананың үздік жастары анықталды

Астананың үздік жастары анықталды
468

Осы аптада елордадағы Сервис және ту­ризм колледжінде «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы, қалалық Бі­лім басқармасы және Астана қала­сы­ның әдістемелік орталығының ұйым­дас­­­тыруымен «Үздік-2024» қалалық бай­­­қауы­ның ашылу салтанаты өтті. 

Байқаудың мақсаты – жұмысшы маман­дық­тар мен олардың кәсіптерінің маңы­з­ды­лығы мен беделін арттыру, кәсіптік оқытудың озық тәжірибесін насихаттау, жұмыс беру­ші­лердің назарын қаланың кәсіптік білім беру жүйесінде жұмысшы кадрларды даяр­лау­ға тарту және түлектерді жұмысқа орна­лас­тыруға жәрдемдесу, жастарды Астана қа­­ласы экономикасының нақты сектор­ла­ры­на бағыттау.

– Кәсіби шеберлікке арналған «Үз­дік-2024» қалалық конкурсы биыл үшінші рет өткізіліп отыр. Ал колледж студенттері екін­ші жыл қа­тысып жатыр. Былтыр 5 құ­зыреттілік бойы­нша қатысса, биыл 25 құ­зы­рет бойын­ша көшбасшылар анықталады. Бүгін­де қо­ғам­да жұмысшы мамандарға сұраныспен қа­тар құрмет те артып келеді. Осы жолы жо­ғары сұранысқа ие мамандықтарды таң­дап алдық. Байқауға оқитын және жұмыс іс­тей­тін, жасы 22-ге толмаған жастар қатыса ала­ды. Олардың арасында WorldSkills чем­пио­натына қатысушылар да бар. Осы жиын қара­шада өтетін WorldSkills чемпионатына дайын­дық кезеңі десек те болады. Өйткені дәл бүгін жастар өздерінің дағдыларын, бі­лік­­­тіліктерін таразылап, күшті және әлсіз жақтарын анықтай алады. Жастарымыздың жоғары нәтиже көрсеткені бізді қуантады. Жыл сайын «Үздік-2024» қалалық байқауы жас­тар арасында танымал болып келеді. Бұл жай ғана бәсекелестік емес, жұмысшы ма­ман­дықтарға көзқарасты өзгерту мен кәсіби шеберлікті дамыту үшін қолайлы орта құруға бағытталған ауқымды бастама, – деді Астана қа­ласы Білім басқармасының техникалық жә­не кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Хон. 

9-31 қазан аралығында 10 колледжде 25 құ­зырет бойынша көшбасшылар анықтала­ды, оған кірпіш қалау, кондитерлік іс, жеңіл ав­томобильдерді жөндеу және қызмет көр­сету, мейрамхана сервисі, дәнекерлеу тех­но­ло­гиялары, наубайхана шеберлігі, құрғақ құры­л­ыс және сылақ жұмыстары, IT бизнес ше­шімдері, шаштараз өнері, аспаздық, сән тех­нологиясы, мобильді қосымшаларды әзір­леу, кескіндеме және сәндік жұмыстар, ағаш ұста­лық ісі, кәсіпкерлік, флористика, мектеп­ке дейінгі тәрбие және оқыту, лифт элект­ро­ме­ханигі, жиһаз өндірісі, электргазбен дәне­кер­леу және т.б. салалары кіреді.

– Конкурс студенттер мен жұмыс істей­тін жастар арасында тәжірибе алмасу плат­фор­масын құруға, сондай-ақ, қалада жұмыс­шы мамандықтарының жоғары сұранысын көрсетуге арналған. Қатысушылардың баға­лануы CS бағдарламасын пайдалану арқылы жүр­гізіледі, бұл бәсекелестіктің әділдігін жә­не бағалау процесінің ашықтығын қамта­ма­­сыз етеді, – деді «Астана жастары» жастар ре­сурстық орталығының жетекшісі Әлфа­ра­би Аймақ.

Байқау жастарды оқыту мен дамыту үшін ерек­ше мүмкіндіктер жасайды. Бәсекеге бар­лы­ғы 300 адам қатысып отыр. 

– Мен өз талантымды көрсетуге және тә­жіри­бе алмасуға келдім. Конкурсқа дайын­дық барысында трендтерді зерттеп, мате­риал­дармен жұмыс істеп, түстер мен фор­ма­лар­мен тәжірибе жасадым. Алдағы уақытта дағ­дыларымды дамыту, жаңа техникаларды үйрену және жобалармен жұмыс істеуді жос­парлап отырмын. Халықаралық кон­курс­тар­ға қатысып, өз студиямды ашсам деген жос­­парым бар. Дағдыларды дамыту шығар­ма­шылық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, ал жеңіс артықтық етпейді, – деді колледж сту­­­денті Балтабай Ержан. 

Іс-шараның қорытындысы бойынша үш жеңім­паз анықталып, оларға грамоталар мен сый­лықтар табыс етіледі, бұл олардың одан ары жетістіктері үшін қосымша ынталандыру бо­лады.

А.БИМЕНДИЕВА
 

Серіктес жаңалықтары