Елордада грэпплингтен әлем чемпионаты өтіп жатыр

Елордада грэпплингтен әлем чемпионаты өтіп жатыр
469

Осы аптада Астанада Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында грэпплингтен әлем чемпионаты басталды. Әлемнің 30 елінен 1800 қатысушы 218 салмақ дәрежесінде 872 медальды сарапқа салады. 

Чемпионат барлық жас топтары – U15, U17, U20, ере­­сектер мен ардагерлер арасында Grappling және Grappling Gi бойынша өтеді. 

– Грэпплинг қазір бұқаралық спортқа айналды. Ол әлемдегі ең көне беделді спорт ұйымдарының бірі және халықаралық олимпиада комитеті мойындаған United World Wrestling халықаралық күрес фе­дера­ция­сының қолдауымен дамып келеді, – деді ҚР Грэпплинг Қауымдастығының президенті, Грэпп­лингтен ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Қанат Алин.

Айта кетейік, елорда әлем чемпионаты үшінші рет ұйымдастырылып отыр. 2018 жылы грэпплингтен әлем чемпионаты алғаш рет Астанада өтті. 2019 жы­лы ол олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чем­пионатының бағдарламасына кірді. Сондай-ақ елор­да 2017 және 2023 жылдары Азия чемпионатын екі рет өткізді.

– Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бә­секелестік өте маңызды, спортшылар бар күшін са­лып, нағыз шеберлік көрсетіп жатыр. Осы көріністі та­машалай отырып, мен қатысушылардың көп­ші­лі­гінің кәсібилігіне таңданамын. Барлық құрамалар мық­ты балаларды әкелді, – деді Санкт-Петербургтен келген жаттықтырушы Зульфакар Усманов. 

– Әлем чемпионатында алтынға таласуға келген спортшылардың деңгейінің өте жоғары екенін атап өту қажет. Ресей, Украина, Польша, Испания құрама ко­мандаларының дайындығы мықты. Сонымен қа­тар біздің спортшылар көптеген салмақ дәрежесінде сенім­ді түрде көш бастап келеді және жүлдегерлер тұ­ғы­рынан орын алады, – деді Қанат Алин.

11-12 қазанда жарыстың ересектер мен ардагер­лерге  арналған кезеңі басталады. 

А.Бимендиева

Серіктес жаңалықтары