Елордада ағаш егу күні өтті

Елордада ағаш егу күні өтті
363

Астанада «Таза Қазақстан» эко­ло­гиялық кампаниясы мен орман шаруашылығы қызметкерлері күні ме­рекесіне орай экология белсенді­лері ағаш екті. 

Бүгінде «Таза Қазақстан» республикалық ак­циясы еліміздің барлық өңірінде сәтті жал­ғасын тауып, жалпыхалықтық экологиялық чел­ленджге айналды. Алғашында бұл шараны ерікті жастар мен белсенді студенттер қол­да­са, кейін түрлі мекеме қызметкерлері, ерік­ті­лер, шағын және орта бизнес өкілдері, мәде­ниет қайраткерлері атсалыса бастады. 
Қазан айының алғашқы сенбісінде өткен «Та­за Қазақстан» экологиялық акциясы ая­сын­да тұрғындар мен қала қонақтарының сүйік­ті демалыс орындарының бірі – «Хан Ша­тыр» сауда орталығы жанындағы скверге 100-ден астам ағаш көшеттері (емен, шырша, те­рек) отырғызылды. Сондай-ақ ботаникалық бақ­қа да 500 түп ағаш (алма, ырғай, шие, қа­ра­қат) екті. Акцияға барлығы 300-ге жуық адам қатысты. Олардың арасында жергілікті тұр­ғындар мен еріктілер ерекше белсенділік танытты. 

– Президенттің тапсырмасы бойынша елі­мізде 15 миллион ағаш отырғызу жос­пар­лан­ған. Біз тек Астананы ғана көгалдандырып қой­маймыз, басқа елді мекендердегі жасыл ай­мақтар үлесін арттыру бағытында да жұ­мыс істеп жатырмыз. Еліміздің экологиясына қос­қан осы үлесіміз өз нәтижесін беретіні жә­не оны болашақ ұрпағымыздың тиісті дең­гейде бағалайтыны анық, – деді іс-шараға қа­­тысқан Экология және табиғи ресурстар ми­нистрі Ерлан Нысанбаев.

Ұйымдастырушылардың ай­туын­ша, көгалдандыру акциялары Астана кө­шелерінің көркін ашып қана қоймай, со­ны­мен қатар ауаның сапасын және жалпы эко­логиялық жағдайды жақсартуға да ықпал етеді.

– Бүгін біз өз ауданымызды тағы да жа­сыл-желекке айналдырып жатырмыз. Қаланы жақ­сарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізу­де­міз, әсіресе Астана тұрғындарының бұл жұ­мысқа белсенді қатысып жатқаны көңіл қуан­тады, – деді Нұра ауданының әкімі Ришат Тұр­дыбеков.

ЮНИСЕФ-тің экология белсенділері де қо­сылған ағаш отырғызу акциясы Мемлекет бас­шысының экологиялық жағдайды жақ­сар­ту бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асы­руда маңызды қадам болып отыр. Бұл бас қа­ланың экологиясын жақсартумен қатар жа­сыл-желекке оранған әдемі қала қалып­тас­тыру үшін маңызды. 
Елордада «Таза Қазақстан» жобасы аясын­да атқарылған ауқымды жұмыстардың бірі Бауыржан Момышұлы атындағы паркте өтті. Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен сенбілікке «Астана-ЕРЦ» ЖШС, Dosjan Temir Joly АҚ, сондай-ақ жергілікті белсенділерден құ­рал­ған 105 адам қатысты. 

– Күзде жерге түскен жапырақтар өрт қауіп­­­­­сіздігін тудырады. Сондықтан іс-шара­ның негізгі мақсаты – қала тазалығын сақтау және Астана парктерінің қауіпсіздігін қамта­ма­­сыз ету. Мұндай акциялар ұжымдар мен тұр­­ғындардың ауызбіршілігін арттырады, бұл өз кезегінде экологияға оң әсерін тигізеді, – де­ді Dosjan Temir Joly АҚ әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас менеджері Меруерт Жүсіпова. 

Шараға қатысушылар астаналықтардың сүйік­ті орнына айналған паркті қоқыстан, жа­пырақтардан тазартты.

– Таза қала – денсаулық кепілі. Біз са­лауат­ты өмір салтын қолдаймыз және біздің ұжым экология акциялары мен сенбіліктерге үнемі қатысады. Біздің қаламыздың тазалығы мен экологиясы біз үшін өте маңызды, – деді «Астана-ЕРЦ» ЖШС қызметкері Гүлмира Асқар­қызы. 

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акция­сы аясында ағаш отырғызу жұмыстарымен қа­тар санитарлық тазарту, жаңбыр және арық ка­налдарын тазарту, көшелер мен тротуар­лар­ды, аула ішіндегі және қоғамдық кеңістік­тер­ді тазалау жұмыстары да жүргізілуде.
«Таза Қазақстан» жобасының негізгі мақ­саты – қоршаған ортаны сақтай отырып, эко­ло­гия мәдениет қалыптастыру. Осы орайда биыл елордада жыл соңына дейін шамамен 1 мил­лион жасыл желек отырғызылатын бола­ды. Бүгінде олардың бір бөлігі қаланың көше­ле­рін безендіріп үлгерді. Мәселен, апта сайын­ғы челлендждің арқасында елордалық өрт сөн­діру бекеттерінің аумағына 900-ден астам жас қарағай мен шырша көшеттері егілді. 
Жалпы, ағаш егу акцияларының та­рихы тым тереңде. Мұндай бастамалар эко­л­огиялық сана мен табиғатты қорғауға де­ген қажеттіліктен пайда болған. Ежелгі дәуір­де ағаш егу мен қорғау дәстүрлері көптеген мәдениетте кездеседі. Мәселен, ежел­гі Мысыр мен Шығыс елдерінде ағаштар қасиетті саналып, оларды отырғызу маңызды р­әсім болған. Кейін ХІХ ғасырда ағаш егу акциялары көбейе бастады. Адамзаттың та­биғатқа жанашырлығы арта түсті, эколо­гия­лық мәселелер туралы көбірек ақпарат пайда болды. Ал 1970 жылдары БҰҰ мен басқа да ұйымдар экологиялық акцияларды қолдап, ха­лықаралық деңгейде ұйымдастыра бастады. Мә­селен, 1977 жылы БҰҰ-ның Экология бағ­дар­­ламасы «Жер күнін» жариялап, ағаш отыр­ғызу акцияларын қолдады. Бүгінде ағаш отыр­­ғызу акциялары экологиялық мәсе­ле­лер­ді шешу, климаттың өзгеруіне қарсы күрес жә­не табиғатты қорғау мақсатында өткізіледі. Әр түрлі ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар мен волонтерлер бірігіп, бүкіл әлем бойынша мил­лиондаған ағаш егу жұмыстарын жүр­гізуде. Бұл экологиялық тәрбиені нығайту, қо­ғамның экологияға жауапкершілігін арт­тыру және болашақ ұрпаққа таза, жасыл орта қал­дыру үшін маңызды.

А.Бимендиева

Серіктес жаңалықтары