Семейде алапат өрттен қаза тапқан орманшылардың құрметіне ескерткіш орнатылды

2023 жылдың 8 маусымында Абай облысындағы қарағайлы орманнан өрт шығып, арты алапат апатқа ұласқан болатын

Семейде алапат өрттен қаза тапқан орманшылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
@alashtimeskz
387

Cемей қаласының маңында өткен жылы жантүршігерлік орман өртінен қаза тапқан орманшылардың құрметіне ескерткіш орнатылды, деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Осы аптада Михайловка мен Камышенка ауылдары арасындағы трассада өткен жылы жантүршігерлік орман өртінен қайғылы қаза тапқан орманшыларға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Шараға қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстары, мемлекеттік органдардың өкілдері және жергілікті жұртшылық қатысып, гүл шоқтарын қойды.

Ескерткіштің авторы тарихи тұлғалардың ескерткіштерімен танымал мүсінші — семейлік Нұрбол Қалиев болды.

Гранит тұғырға орнатылған биіктігі сегіз метрлік ескерткіш "Семей орманы" резерватының ержүрек орманшыларын еске алып, өрт апатына қарсы күреске қорықпай кіріскені айтылады. Қоладан жасалған ескерткіш қаза тапқандардың мүсіндерін бейнелейтін рельефтермен безендірілген, бұл олардың ерлігі мен жанқиярлығына мәңгілік ризашылықты білдіреді.

Еске салайық, 2023 жылдың 8 маусымында Абай облысындағы қарағайлы орманнан өрт шығып, арты алапат апатқа ұласқан болатын. Қайғылы жағдай салдарынан 15 орманшы қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары