Мозамбик Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Қазақстан мен Мозамбик арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығая түспек.
Қазақстан Республикасының Мозамбик Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Еркін Ахинжанов Мозамбик Сыртқы істер министрі Вероника Натаниэль Макамо Длховомен кездесу өткізді, деп хабарлады turkystan.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды нығайту перспективаларын талқылап, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын белгіледі. Екі ел де халықаралық мәселелерді шешуге ұқсас көзқарастарды ұстанады, бұл одан әрі өзара іс-қимыл үшін берік негіз жасайды.
Сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі секторларында әріптестікті кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстанның Мозамбиктегі Құрметті консулдығының ашылуы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам ретінде аталып өтті.
Е.Ахинжанов Министрді Қазақстандағы соңғы оқиғалар туралы хабардар етіп, Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысына және елдің жасыл энергетиканы дамытудағы тәжірибесіне ерекше назар аударды. Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылап, ғылыми және білім алмасуға жәрдемдесу үшін екі елдің университеттері арасында тікелей байланыс орнатуға мүдделілік білдірді.
Мозамбик Сыртқы істер министрі өз кезегінде елдің Қазақстанмен өзара мүдделі салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын растады.
Кездесу соңында тараптар бірлескен жобалар мен бастамалар үшін жаңа көкжиектерді аша отырып, Қазақстан мен Мозамбик арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға дайын екендігін білдірді.