Риддерде алимент төлемеген ана сотталды

Ол енді бір жыл уақытын абақтыда өткізеді.

Риддерде алимент төлемеген ана сотталды
istockphoto.com
285

Риддерде төрт жыл бойы алимент төлемеген ана бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол ұлына үш миллион теңгеге жуық ақша қарыз.

Сот үкімімен 31 жастағы келіншектің бір жылға еркіндігі шектелген. Бірақ ол пробациялық бақылаудан өтпеген, тексеріс кезінде тұрғылықты мекенжайында болмаған.  Сол себепті оның жазасын бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

«Күйеуім екеуміз ішімдік іштік. Сол үшін бізді ата-ана құқығынан айырып, алимент төлеуге міндеттеді. Пробация қызметінде есепте тұрсам да сот шешімін назарға алмадым, ол үшін ештеңе болмас деп ойладым. Қазір ұлым 12 жаста. Оған жақсы ана бола алмағаным үшін ұяламын, оның алдында өзімді кінәлі сезінемін. Күндердің күнінде ол мені кешірер деп үміттенемін», - деді сотталушы.

Ол жазасын өтеу үшін Абай облысындағы әйелдер колониясына жіберілген. Әрі қарай тігін цехына жұмысқа орналастырылып, алиментін төлейтін болады.

 

Серіктес жаңалықтары