514
Жапонияда ештеңе істемеуден жыл сайынғы чемпионат өтті
Жапонияда ештеңе істемеуден жыл сайынғы чемпионат өтті.
Токиода ерекше чемпионат тағы бір рет ұйымдастырылды. Қатысушыларға 90 минут бойы тек жатып демалу міндеттелді.
Алайда ұйықтауға қатаң тыйым салынды – көзі ілініп кеткендер бірден жарыстан шеттетілді.
Жеңімпаздар тұрақты жүрек соғысы мен көрермендердің ықыласы арқылы анықталды.
Бас жүлде ретінде жеңімпазға Исе-Шима курортына саяхат табысталды. Енді ол ештеңе істемей, мұхит көрінісінен ләззат алып демалуды жалғастыра алады.