207
Мұнай бағасы түсіп кетті
Әлемде эталондық маркалы мұнай бағасы құлдырады.
Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 10:00-де Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 75,07 долларға дейін, яғни 5,02 пайызға арзандады.
WTI маркалы мұнайдың бағасы 71,54 долларға дейін, яғни 4,32 пайызға түсті.
Айта кетейік, 9 қазанда Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 77 долларға түскен еді.
Таяу Шығыстағы ушыққан жағдайлар мұнай бағасына ықпал етіп отыр. Трейдерлер өткен аптадағы ракета соққысынан кейін Израильдің Иранға қарсы жауабын күтуде.