Ұлттық қордың кірісі аз, шығыны көп – Тимур Сүлейменов

Ұлттық қордың қаражаты инвестициялық кіріс арқылы өседі.

Ұлттық қордың кірісі аз, шығыны көп – Тимур Сүлейменов
istockphoto.com
213

Ұлттық қордың кіріс және шығыс қаражатының балансы бұзылды. Алынып жатқан ақша түсіп жатқан кірістен көп. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ұлттық қордың активтері жыл басынан бері 4,5%-ға артып, 62,7 млрд долларды құрады. Кіріс пен шығыс балансы бұзылып тұрғанда Ұлттық қордың қаражатын өсіретін жалғыз фактор – инвестициялық кіріс болады. Ол биылғы 9 айда 10,27% немесе 6,16 млрд долларды құрады», - деді Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында.

Ұлттық банктің алтын-валюта қоры жыл басынан бері 23,6%-ға өсіп, рекордтық көрсеткіш – 44,5 млрд долларға жеткен.

Серіктес жаңалықтары