594
«Тигізіп жатқан зияны көп»: Жазира Байырбекова ішімдікке байланысты ойымен бөлісті
Жазира Байырбекова спирттік ішімдіктерге қарсы екендігін жеткізді.
Жазира Байырбекова оқырмандарына спирттік ішімдіктерді сатылымнан алып тасталуына байланысты сұрақ қойды, деп хабарлады turkystan.kz.
Әншіні айтуынша, спирттік ішімдіктің қоғамға,отбасына тигізіп жатқан зияны көп.
«Дәл осы нәрсені сатылымнан алып тастаса көп проблема шешілер еді. @agugai_ansambl біздің жігіттер де ішімдікке қарсы. Араққа құмар адаммен бір үйде тұратын адамның жүйкесі әлсірейді», -деді Жазира Байырбекова әлеуметік желідегі парақшасында.