Баспана кезегінде алдымен кімдерге басымдық беріледі

Баспана кезегінде алдымен кімдерге басымдық беріледі
istockphoto.com
480

Сенат депутаттары баспана кезегінде басымдық берілетін санаттарды кеңейтуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін жоғары палатада тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заң жобасы қаралды. Құжатқа сәйкес, баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтардың бірнеше санатына басымдық беру қарастырылған. Олар:

ҰОС ардагерлері;

жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар;

I және II-топ мүгедектері.

Сенат депуттары осы тізімге ҰОС ардагерлеріне теңестірілген және өзге елде әскери іс-қимылға қатысқан ардагерлер мен олардың жесір әйелдерін енгізуді ұсынды. Тізімге енген адамдарға бөлінген тұрғын үйдің жалпы көлемінің кем дегенде 70 проценті беріледі.

Серіктес жаңалықтары