1333
«Мен де қызбын»: Қарагөз Тілеубекова «күйеуге шертіп тұрып шағатынын» айтты
Актриса тұрмысқа шығу, махаббат туралы ойын ашық білдірді
Танымал актриса Қарагөз Тілеубекова босбелбеу боп былжырап жүретін ер адамдарды ұнатпайтынын айтты, деп жазады Skifnews.kz.
Бұл туралы актриса «БазарLike» бағдарламасына қонақ болып, сұхбат беру барысында айтты.
«Былжырап тұрған еркектерді жек көремін. Кейбіреулер былай созып, әрі-бәрі бер айта алмай тұрады ғой. Сондай кезде нақтысын айтамын. «Нақты шешімін айта салшы» деймін», - деді актриса.
Сондай-ақ ол тұрмысқа шығу, махаббат туралы ойын ашық білдірді.
«Тұрмысқа шығу ешқашан кеш емес. Мен күйеуге шығатын болсам, шертіп тұрып шығамын. Мен де адаммын, мен де қыз баламын. Мен де әйел бақытын, махаббатты қалаймын», - деді ол.