Қостанайда бас дәрігер сот арқылы қызметіне тағайындалды

Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігерін тағайындау кезінде дау туды.

Қостанайда бас дәрігер сот арқылы қызметіне тағайындалды
istockphoto.com
409

Әкімдік іріктеуден өткен маманмен еңбек келісімшартын жасауға асықпаған. Ол сотқа жүгінуге мәжбүр болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қостанай қалалық ауруханасының бақылаушы кеңесі бас дәрігердің лауазымына маманның кандидатурасын мақұлдаған. Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы онымен еңбек келісімшартын жасауға асықпаған.

Жұмысқа алмау себебі ретінде әкімдік маманның денсаулық сақтау саласында менеджерлің сертификаты жоқ екенін айтқан.

Бірінші инстанция соты маманның біліктілік талаптарына сай келмейтінін көрсетіп, арызын кері қайтарған. Іс апелляциялық сотқа жеткен.

«Сот 2020-2023 жылдары денсаулық сақтау саласында менеджерлік сертификаттары берілмегенін анықтады. Осылайша конкурс ұйымдастырушылары орындалуы мүмкін емес талап қойған. Оның үстіне талапкер кейін мұндай сертификат алған. Сол себепті бас дәрігер қызметіне тағайындалуына ешқандай кедергі қалмаған», - деді сот.

Сот әкімдікті талапкердің талабын орындауға міндеттеді.

Серіктес жаңалықтары