Қар көшкіні басып қалған алты адамның мәйіті табылды

Құтқарушылар олардың денесін полиция қызметкерлері мен туыстарына тапсырды

Қар көшкіні басып қалған алты адамның мәйіті табылды
Кабар
1223

19 қазанда таңертең із-түзсіз жоғалып кеткен 3 адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады.

Қырғыз Республикасы, Қаныш-Қия ауылының 14 тұрғыны және бір шетел азаматы 9 қазан күні тауға сирек кездесетін өсімдіктің тамырын іздеп шығып, жоғалып кеткен болатын. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 16 қазанда сегіз адам аман-есен табылған.

Ал 18 қазанда Жалал-Абад облысының Чатқал ауданы Ақ-Сай маңындағы қар көшкіні кезінде жоғалып кеткен 3 адамның денесі табылып, тікұшақпен Құмбел ауданындағы штабқа жеткізілді. Құтқарушылар олардың денесін полиция қызметкерлері мен туыстарына тапсырды. 

Серіктес жаңалықтары