Германияда мәйіт доноры операция кезінде оянып кеткен

Осы жағдайдан кейін операция бірден тоқтатылған. Бірақ донорлық ұйымның қызметкері дәрігерлерге операцияны жалғастыруды талап еткенін айтқан

Германияда мәйіт доноры операция кезінде оянып кеткен
Bild
969

Германияда орган доноры Томас Гувер операция кезінде кенеттен оянып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ryhy-на сілтеме жасап.

Томас Гувер есірткіден артық доза қабылдап, ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның миы өлді деген шешімге келіп, оны донор ретінде операцияға дайындаған. Алайда, жүрегін алу процедурасы басталмас бұрын Гувер оянып, қозғала бастаған.

«Ол қозғалып, дірілдеп жатты. Біз оған жақындағанда, оның жылап жатқанын көрдік», – дейді медбикелер.

Осы жағдайдан кейін операция бірден тоқтатылған. Бірақ донорлық ұйымның қызметкері дәрігерлерге операцияны жалғастыруды талап еткенін айтқан.

Гувер операциядан тірі шыққанымен, есірткінің кесірінен сөйлеу және жүру қабілетінен айырылған. Қазір дәрігерлердің қателігі үшін жаза қолданылатын-қолданылмайтыны белгісіз.

Серіктес жаңалықтары