Ақмола облысында жетінші баласына жүкті болған келіншек көз жұмды

Бестөбе тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Ақмола облысында жетінші баласына жүкті болған келіншек көз жұмды
istockphoto.com
407

Ақмола облысының Бестөбе ауылында жетінші баласына жүкті болған 34 жастағы келіншек қайтыс болды.

Оқиға 18 қазан күні кешке болған. Әйел үйде отбасымен бірге болған. Кешкі уақытта өзін нашар сезініп, шаршағанын айтып, демалған. Дегенмен туыстары оны өлі күйінде тапқан. Келіншек жүктіліктің 34 аптасында жүрген.

Өлімнің алдын ала себебі – жедел жүрек жетіспеушілігі. Зорлық-зомбылықтың белгілері табылмады.

Бестөбе тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары