Алтын, еуро, доллар: Қарттығыңызға қай валютамен ақша жинаған тиімді?

1999 жылы доллар мен евроның 1 теңгеге шаққандағы бағамы шамамен 130 теңге болған.

Алтын, еуро, доллар: Қарттығыңызға қай валютамен ақша жинаған тиімді?
istockphoto.com
308

Арада 25 жыл өтті. Қазір доллардың бағамы 490 теңге. Яғни 25 жылда доллар 3,7 есе өскен. Ал евроның бағамы 520 теңге. Яғни 25 жылда 4 есе өскен.

Демек долларға қарағанда евро тиімдірек. Доллар сияқты девальвация болмаса да, бізге байқалмай, бірқалыппен, үздіксіз өсіп келеді. Экспорт пен импорт көбіне доллармен жасалатындықтан, мұнай доллармен бағаланатындықтан, девальвация үрейімізді ұшырғандықтан ең күшті валюта ретінде біз тек долларды жаттап алғанбыз.

Ұлттық банктің алтын плиткалары 2017 жылы ғана айналымға шықты. 2017-18 жылдары бір грамм алтынның бағасы 12-14 мың теңге болған. Қазір 40-42 мың теңге. Яғни айналасы 6-7 жылдың ішінде алтын 3 есе өскен. Өсу жағынан алып қарасақ валюталарға қарағанда алтын әлдеқайда жылдам өсіп жатыр.

Яғни ұзақ мерзімге ақша жинауға дәл қазір бірінші – алтын, екінші – евро, сосын доллар тиімді.

Ұзақ мерзімге дегенім, мәселен, қарттығыңызға осы валюталармен инвестиция жасауыңызға болады. Ай сайын 10 мыңға евро, 10 мыңға доллар сатып алып отырсаңыз пенсияға шыққанда дейін біраз ақша жинап қаласыз. Доллар мен евродан тек курсынан ұтасыз, ұзақ жылда бағамы өседі. Ал бірақ банк доллармен, евромен салған депозитіңізге айына 1% ғана сыйақы береді.

Ал 4-5 жылда жұмсайтын, пәтер алуға, көлік алуға ақша жинайтын болсаңыз, онда теңгемен жинаған дұрыс. Себебі теңгелік депозиттердің ай сайынғы сыйақысы 13-14 %. 1 млн теңге салсаңыз бір жылда 140 мың теңге сыйақы көресіз. Айына 11-12 мыңнан түсіп отырады.

Серіктес жаңалықтары