385
"Нейрожелілерге электр қуаты жетіспейді": Google мен Microsoft ядролық энергияға көшіп жатыр
Нейрожелілерге электр қуаты жетіспейді, Google мен Microsoft ядролық энергияға көшіп жатыр. Бұл туралы theguardian.com жазды.
Google мен Microsoft жасанды интеллект жұмысына қажетті қуатты қамтамасыз ету үшін ядролық энергетикаға бет бұрмақ.
Google шағын ядролық реакторлардан энергия сатып алмақ. Алайда сарапшылар мұндай станциялардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіруде.
Microsoft та қалыс қалмады, компания АҚШ-тағы ең ірі ядролық апатқа себепкер болған Three Mile Island станциясымен келісімшартқа отырды. 1979 жылғы бұл апат АҚШ тарихындағы ең ауыр ядролық оқиға ретінде белгілі.