239
Қазақстандық кәсіпқой боксшы ұлттық құрамаға оралды
Әбілхан ұзақ уақыттан бері жекпе-жекке шықпағанын айтты. Енді бағын әуесқой бокста қайта сынап көрмек.
Кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл (4-0-1, 4 KO) бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы сапына оралды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.
Әбілхан ұзақ уақыттан бері жекпе-жекке шықпағанын айтты. Енді бағын әуесқой бокста қайта сынап көрмек.
«Кәсіпқой бокста болдым. Бірақ ол жақта бір жарым жылдай жекпе-жек болмады. Жаттығу жасап жүрдім. Соңғы екі ай демалып, енді міне, ұлттық құрамамен бірге жаттығып жатырмын. Қазақстан чемпионатынан бастасам деген ойым бар», – деді боксшы.
Айта кетейік, 27 жастағы Аманқұл әлем чемпионатының және Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері. Әбілхан 2022 жылдан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін кәсіпқой бокстан 5 жекпе-жек өткізіп, төртеуін жеңді (бәрін нокаутпен), біреуінде тең ойнады.