Дәулет Мұқаев Жарқынбек Амантайұлымен Қытайда кездесті

Дәулет Мұқаев адал еңбектен арланбауға шақырды.

Дәулет Мұқаев Жарқынбек Амантайұлымен Қытайда кездесті
сурет ашық дереккөзден алынды
336

Блогер Дәулет Мұқаев іссапармен Қытайда Жарқынбек Амантайұлымен жүр, деп хабарлады turkystan.kz.

Дәулет Мұқаевтың сөзінше, әрбір адам баласы еңбектен қашпау керек. Мысалы жанындағы Жарқынбек Амантайұлы балабақшада күзетші болған. Білімі мен оқуының арқасында қазір жетістікке жеткен.

«Бұл бір естелік. Оқырманым Жарқынбекті балабақша күзетшісі болған деп еске алып жатса, менің әкем де балабақшада күзетші екенін қайталап өткім келеді. Депутаттың әкесі дәл қазір түнгі ауысымда өз жұмысында отыр. Қанша адам болса, сонша тағдыр болады. Ал бізге берілген тағдыр сан алуан. Адал еңбек етіп, адам болайық. Бастысы адамның істегенін кез келген адам істей алады. Әуезовше айтсам: адам мен адамды, халық пен халықты теңестіретін нәрсе - білім. Дәулетіңіз артып, жарқын күндеріңіз көп болсын», - деді Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары