Қытайда 17 баланы ұрлаған әйел өлім жазасына кесілді

Оларды 12 отбасынан ұрлап әкеткен, оның бесеуі бірден екі баласынан айырылған

Қытайда 17 баланы ұрлаған әйел өлім жазасына кесілді
istockphoto.com
476

Қытайда 17 баланы ұрлап, сатып жіберген әйел өлім жазасына кесілді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Үкімді Гуйчжоу провинциясының Гуйян қалалық аралық халық соты шығарды. 2023 жылдың қыркүйегінде сол сот Юй Хуаинді 1993-1996 жылдар аралығында Гуйчжоу мен Чунцин қалаларынан 11 баланы ұрлап, Хандан қаласына сатқаны үшін кінәлі деп тауып, өлім жазасына кесті.

Сотталушы мен оның кейін қайтыс болған сыбайласы пайда табу мақсатында балаларды сатып жіберген. Үкім жарияланғаннан кейін ол шешімге шағымданды.

2023 жылдың қарашасында Гуйчжоу провинциясының жоғары халық соты айыпталушының шағымын қайта қарап, 2024 жылдың қаңтарында полиция Юй Хуаиннің бала саудасынан басқа да істерге қатысы барын анықтағаннан кейін істі қайта қарауды бұйырды.

Содан бері бұл іске қатысы бар балалар саны 11-ден 17-ге дейін өсті. Оларды 12 отбасынан ұрлап әкеткен, оның бесеуі бірден екі баласынан айырылған.

Юй Хуаин өлім жазасына кесілді. Сондай-ақ оның барлық жеке мүлкі тәркіленіп, өмір бойына саяси құқықтарынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары