«Жабыла салыңыздар»: Балжан Бидаш атақты авиакомпанияға шүйлікті

Балжан Бидаш «FlyArystan» авиакомпаниясын сынға алды.

«Жабыла салыңыздар»: Балжан Бидаш атақты авиакомпанияға шүйлікті
сурет ашық дереккөзден алынды
639

Белгілі әнші Балжан Бидаш қазақстандық авиакомпанияға көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші «FlyArystan» авиакомпаниясының үнемі рейстерді кешіктіріп жүретінін алға тартты. Маңызды іс-шаралар кезінде бұл авиакомпаниядан аулақ жүретінін де жасырмады.

«Менің ең жолағым келмейтін авиакомпаниям - осы. Жұрт амал жоқ билет сатып алады. Еліміздің дәрежесін түсіретін авиакомпаниялар. Бәрін ақылы жасатып алып, отырғызу бөліміне жібермей қойды. Әлі жарты сағат бар ұшуға, ал мені есіктің алдында кіргізбей тұр. Әрі әр қызметкері менің бастығым сияқты. Кешігулерін айтпай-ақ қояйық! Олардың кешігулері кезінде әуежайда таңнан кешке дейін жүресің де, ал ұшатын кезде билетіңді басқаларға сатып жібере береді үстінен немесе отырғызу жабылды дей салады», - деп жазды көңілі толмаған Балжан Бидаш.

Балжан Бидаштың оқырмандары да бірауыздан авиакомпанияның жұмысына наразы екенін, сонымен қатар авиакомпания тарапынан көптеген сорақы қателіктер жасалынатынын ашып жазды.

«Менде де солай болған. Отырғызу бітті деп өтірік алдаған. 2 сағат бұрын келсем де. Шу шығарғаннан кейін бірақ білдім», «Дұрыс айтасың, жауапкершілігі жоқ нашар авиакомпания», - деп жазды наразы болған желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары