Жаңа тарихтың бастауы болған күн

Жаңа тарихтың бастауы болған күн
сурет: istockphoto.com
222

Декларация – Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастардың дербес субъектісі, сыртқы саясатты өз мүддесі үшін айқындайды және сыртқы экономикалық қызмет мәселелерін дербес шешеді деген идеяны жариялады.

Сондықтан 1995 жылы 25 қазан – Республика күні ретінде мерекелік күндер күнтізбесіне енгізілді. Бұл күннің аса маңыздылығы – қазіргі Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы одан бастау алады. Бұл, сөзсіз, қазақ халқының көпғасырлық тарихындағы бетбұрыс кезеңі.
Тарихи әділдікті қалпына келтіре оты­рып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ мемлекеттілігінің бесігі – Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отыры­сында Республика күнін жандандыру және оған ұлттық мереке мәртебесін беру туралы бастама көтерді. Осыған байланысты «Қазақ­стан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына өзгерістер енгізілді. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданған күні – біздің азамат­тарымыз үшін ерекше тарихи маңызы бар оқиға. 25 қазан – Республика күні, ұлттық мереке болып жариялануы­ның мәні және негізі бар. Бұл жағдай «Мемлекет­тік мерекелер туралы» заңының 2-бабында бекітілген. Жоғарғы Кеңестің қабырғасында ел егемендігінің қарсыластары мен жақтастары арасында күрделі күрес өткенін атап өткіміз келеді. Біздің академиктер барлық прогрес­сив­ті ережені қорғады, декларацияны әзірлеуге және қабылдауға қатысты, маз­мұнға тамаша ғылыми талдау жасады және осы актінің тарихи маңызын атап өтті. Декларацияның қабылдануы қазақстан­дықтардың рухани өрлеуі мен ынта-жігерін оятты. Мемлекеттік егемендік туралы дек­ларацияны әзірлеуде көрнекті ғалым-мемлекеттанушылар, конституционалистер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері – Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, Ғайрат Сапар­ғалиев, Мұрат Баймахановтар көп еңбек сіңірді. Мемлекет қайраткерлері, жоғарғы өкілді органның депутаттары, Ұлттық ғылым академиясының және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қызметкерлері бола отырып, олар «Мем­лекеттік егемендік туралы» декларация­ның жобасын әзірлеуге баға жетпес үлес қосты.
1991 жылы конституциялық сипаттағы тағы екі акт қабылданды, олардың қабыл­дануы­мен егемендік пен тәуелсіздікті жоғары деңгейде бекіту процесі аяқталды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» заң қабылданады. Бұл заң конституциялық деп аталмаса да, ол іс жүзінде солай болды. Оның мәні –  респуб­лика атауынан мемлекеттік ұйымның тап­тық негізі алынып тасталғанында. Сондай-ақ бұл актінің маңыздылығы: көпұлтты республика халқының өзін-өзі анықтау қағидаттарына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбіт, құқықтық мемлекет құруға деген ұмтылысын негізге ала отырып, «Қазақ КСР» атауы «Қазақстан Республикасы» деп өзгертілді. 
Республиканың егемендігі мен тәуел­сіздігін құқықтық бекіту 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңымен аяқталды. Онда «Жоғарғы Кеңес «Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, қазақ ұлтының өзін-өзі анықтау құқығын растай отырып, Қазақ­стан Республикасының тәуелсіздігін жария­лайды» деп жазылған. Бұл конституциялық заңда Қазақстанның тәуелсіздігі алғаш рет белгіленді, тәуелсіз мемлекетке тән эле­менттер: біртұтас азаматтық, аумақтық оқ­шау­лану, мемлекеттік органдардың дербес жүйесі, тәуелсіз мемлекеттің мәртебесіне сәйкес келетін экономикалық жүйе, өзінің Қарулы Күштерінің болуы бекітілді.
Қазақстанның барлық азаматының құқықтары мен бостандықтарын қорғау – мемлекеттік егемендік туралы декларация жобасының негізін қалаған маңызды идеялардың бірі. Бұл құжат Қазақстандағы адам құқықтарының алғашқы декларациясы болды деп айтуға болады. 
Осылайша, декларация қазіргі Қазақ­станның құқықтық негізін қалады. Деклара­ция азаматтық батылдық актісіне айналға­нын ерекше атап өту керек, өйткені ол КСРО басшылығы Қазақстан халқы үшін тағдырлы саяси-құқықтық құжаттың әзірленуі мен қабылдануына барынша кедергі келтірген және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мем­лекеттік егемендік туралы ресми мәлім­демесін мойындамаған жағдайларда қабылданды.
Осы қарсылықтарға қарамастан, жоғары мемлекеттік деңгейде Қазақстан халқының атынан Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесі бүкіл әлемге Қазақ КСР-індегі мем­лекеттік биліктің республика ішінде үстем­дігі, дербестігі, толықтығы бар екенін, Қазақ­стан саяси-экономикалық, әлеуметтік және ұлттық-мәдени құрылысқа қатысты барлық мәселелерді дербес шешетінін ресми түрде мәлімдеді.
Декларация барлық өркениетті елдерде мемлекеттік басқару тәжірибесімен дәлел­денген тұрақты құндылықтарды білдіреді деуге болады. Мұндай іргелі қағидаттарға адам өмірінің құндылығы, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау; құқықтық және демократиялық мемлекет; халық­аралық құқық субъектісі ретінде ішкі және сыртқы істердегі Қазақстанның мемлекеттік билігінің егемендігі; Қазақстан аумағының бөлінбейтіндігі мен қолсұғылмаушылығы; одақтарға еріктілік жатады; барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері үшін құқықтық теңдік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ұлттық мемлекет қағидаты; өз азаматтығы институты; биліктің бөлінуі; меншік нысандарының алуан түрлілігі мен теңдігі, Қазақ Республикасы атынан Қазақ­стан халқына барлық ұлттық байлықтың тиесілігі; саяси плюрализм және басқалар.
Декларацияның нормалары мен ереже­лері тәуелсіз Қазақстан мемлекеті мен қоғамды жаңғырту және қалыптастыру про­цесінде күрделі, көп еңбекті қажет ететін және алуан түрлі міндеттерді шешуге бағытталған. Декларация ұлттық заңнама­ның, 1993 жылғы Конституцияның және 1995 жылғы қолданыстағы Конституцияның негізі болды. Өйткені ұлттық құқықтың қалыптасуы мемлекеттік егемендіктің көрі­нісі мен іске асырылуын білдіреді.
Осылайша, Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабыл­даудың орны бөлек. Декларация Қазақстан халқының шынайы егемендікке, Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің мызғымастығына объективті және ұдайы ұмтылысының нәти­жесі, өркениетті, еркін мемлекеттер мен қоғам­дар ортасына кіру жөніндегі хал­қымыздың жүзеге асырған ерік-жігерінің нәтижесі болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қазан айында мемле­кет­тік наградалар мен сыйлықтарды табыс­таудың салтанатты рәсімінде сөйлеген сөзін­де қазақ халқы көптеген жыл бойы егемен­дікке апаратын сара жолмен жүргенін атап өтті. «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация біздің қасиетті тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл құжаттың тарихи маңызы бар. Биылдан бас­тап біз ұлттық мереке мәртебесін алған Рес­публика күнін жаңаша атап өтетін боламыз. Бұл бастама қоғамда кеңінен қолдау тауып, жақсы дәстүрге айналатынына сенімдімін. Республика күні – халықтың рухын көтеруге, мемлекеттілікті нығайтуға, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға арналған жарқын мереке», – деді ол. 
Қ.Тоқаевтың пікірінше, «Егемендік туралы декларация – батылдық пен ди­п-
лома­тияның, парасаттылық пен шыдамды­лықтың жеңісі. Көп ұзамай біз осы тарихи құжаттың күшін сезіндік. Біз қоғамның негізін жаңарттық және жаңа биіктерге ұмтылдық. Қиын өтпелі кезеңді бастан өткерген Қазақстан күшті мемлекеттілікті қалыптастыру жолымен жүрді».
«Мемлекеттік егемендік туралы» дек­ларация Қазақ КСР Конституциясы мен Қазақстан аумағындағы заңдардың үстемдігі қағидатын, өз аумағында республиканың егемендік құқықтарын бұзатын КСР Одағы актілерінің қолданылуын тоқтата тұру құқығын жариялады. Дәл осы декларациядан кейін республика егемен мемлекет ретінде таныла бастады. 
1990 жылғы 25 қазандағы декларацияда Қазақстан аумағының бөлінбейтіндігі, біртұтастығы және егемендігі бекітілді. Ел халықаралық құқық субъектісі ретінде айқындалды. Республиканың барлық табиғи ресурстарға, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетке айрықша меншігін жариялау Қазақстанға дербес экономикалық саясат жүргізуге мүмкіндік берді. Декларация алғаш рет мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық көзқарастан бас тартады және мемлекеттіліктің ұлттық сипатын жариялайды. Декларация мемлекеттің толық тәуелсіздігін ресімдеу жолында елдің мемлекеттік-құқықтық жүйесін одан әрі дамыту кезеңі басталған базалық іргелі заңнамалық актіге айналды.
Декларацияның тарихи маңыздылығы  – оның республиканың мемлекеттік егемен­дігіне нақты мазмұн беруінде, Қазақстанның көпғасырлық тарихы бар өзінің мемлекет­тілігін ескеруде, аумақтық тұтастық қағида­тын атап көрсетуде және билікті бөлу жүйе­сін республиканың демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде жұмыс істеуінің аса маңызды қағидаты деп жариялауда. 
Қазақстан Республикасының мемлекет­тік тәуелсіздігін жариялау қазақ халқының өміріндегі ең үлкен атаулы оқиға болды. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесіне айналды. Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Мәдениетті, дәстүрді, тілді жаңғырту және дамыту, ұлттық зиялы қауымды қалып­тастыру және дамыту үшін жағдай жасалды. Большевиктер тұсында елден кетуге мәжбүр болған қазақтар тарихи Отанына оралуға мүмкіндік алды.
«Мемлекеттің тәуелсіздігі – жай деклара­ция емес. Шынайы тәуелсіздік құру – бұл күнделікті қажырлы еңбек, дәлелденген және дәйекті саясат. Біз тек күшті және тәуелсіз мемлекетке ие бола отырып, жаһан­дық әлемде дербес ұлт ретінде өмір сүреміз. Біз осы тұрақты шындықты берік ұстануы­мыз керек. «Тәуелсіздік бәрінен жоғары» деген сөз біздің ұранымыз болуға тиіс», – деп атап өтті Президентіміз Қ.Тоқаев.
Ұлттық мереке – Республика күнінің маңызы қашанда жоғары екенін өскелең ұрпақтың санасына сіңіруге тиіспіз. Өйткені бұл – жаңа тарихтың бастауы болған күн.

Серіктес жаңалықтары